sol.kzbydocs.com


Қазақтың салт-дәстүрлері ЮНЕСКО-ның мәдени мұра тізіміне кіргізіледі

сорт: есептік | күні бойынша
09.07.20
[7]
шерту:30

Қазақтың салт-дәстүрлері ЮНЕСКО-ның мәдени мұра тізіміне кіргізіледі

«Қазіргі таңда біз айтысты, қазақ үйдің жасалу ерекшеліктерін, бүркітпен аң аулау сынды көптеген дәстүрлі шараларды ЮНЕСКО-ның тізіміне кіргізудеміз. Бұл ұйымның атаулы күндер атты күнтізбесі бар. Біз соған Семей антиядролық қозғалысының, Аралды құтқару қорының құрылған күнін кіргізбекпіз. Жалпы, істеліп жатқан шаралар көп. Біздің мақсатымыз ЮНЕСКО жиынының елімізде өтіп жатқанын пайдаланып, Қазақстанның ерекше сақталатын салт-дәстүрлерін осы ұйым тізіміне кіргізу ойымызда бар», - деді министр.
Айта кетейік, 22-24 шілде күндері елордада ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиялардың бірінші өңіраралық кеңесі өтеді. Бұл жиын әлемдік ауқымда алғаш рет ұйымдастырғалы отыр.
www.qazaquni.kz/?p=26935


юнеско қандай ұйым
Сүйінші Қуанышты хабар жеткізуші адам «сүйінші-сүйінші» деп келеді. Мұндайда қуанышты үй иесі «қалағаныңды ал» дейді. Немесе оған риза болатындай сыйлық ұсынады. Бұл қуанудың, ризалықтың белгісі. Сүйінші сұраудың да, оның сүйіншісін алудың да ешқандай сөкеттігі жоқ.
Араша Екі адам жанжалдасқанда немесе төбелескенде оның жанындағы адамдар «араша, араша!» деп басу айтуға тиіс. «Араша» деген сөзді естіген адамдар араша беруге яғни жанжалды дереу доғаруы керек. Араша бермей жанжалдасу қазақ әдетінде жоқ. Ондай адамға айып бар.

«Өлең той».Өлең той бұл күйеудің қайнына ұрын барған тойына қосылып өткізілетін «түнгі той». Күйеу жақ «өлең кәде» аталатын тай, құлын тәрізді бір малды ала барады, бұл кәдені алған үй күйеу мен құдаларды, тойға жиналғандардың бір бөлігін шақырып, мал сойып қонақасы беріп, «өлең той» өткізеді. Кеш батқанан таң атқанша осы аылда ақындар айтысы болады. Бұл тойға жиналған жастар домбыра шертіп, ән айтып, би билеп, сауық - сайран жасайды.
Жарыс қазан Ай-күні жеткен жүкті әйел қатты толғатып, толғақ жилей бастағанда, сол ауылдағы пысық әйел отқа, ошаққа жарыс қазан асады да, қуырдақ қуыра бастайды. Жарыс қазан асудағы себеп қазанмен бірге толғақ жилейді, тамақтан бұрын бала туылады деп ырымдағаны.    егер әйел босана алмай одан ары қиналса, жарыс қазан асып отырған әйел қолына қара пышақты алып «қара қазан бұрын пыса ма, қара қатын бұрын туа ма?» деп, қолындағы пышақты қазанға жанып-жанып зіркілдейді. Қазақ мұны «жарыс қазан» деп атайды.
дәстүр өрнектері, ортақ мұралары, тұрмыс - тіршілігіндегі керемет салт - ғұрпы мақтаныш сезімін тудырып, жұртшылықты жалпы отаншылық пен елжандылыққа тәрбиелеуде маңызды міндет атқармақ. Қазақ халқының рухани тіршілігінде, қарттарды құрметтеу, үлкендерді сыйлау, балаларға жанашырлық, жастарға қамқорлық ету, ата - ананы ардақтау, әйелдерді аялау ізгі дәстүрге  айналған. «Қасқа қатал, досқа адал болу» - қазақ халқының негізгі мінез - құлқы. Қазақ халқында тым ертеден келе жатқан көптеген әдет - ғұрыптар бар. Солардың әрқайсысына жеке - жеке  тоқтала кетсек.
«Өлең той». Өлең той бұл күйеудің қайнына ұрын барған тойына қосылып өткізілетін «түнгі той». Күйеу жақ «өлең кәде» аталатын тай, құлын тәрізді бір малды ала барады, бұл кәдені алған үй күйеу мен құдаларды, тойға жиналғандардың бір бөлігін шақырып, мал сойып қонақасы беріп, «өлең той» өткізеді. Кеш батқанан таң атқанша осы аылда ақындар айтысы болады. Бұл тойға жиналған жастар домбыра шертіп, ән айтып, би билеп, сауық - сайран жасайды. өлең тойға қатысушылардың көпшілігі жастар болады. Қазақ өміріндегі той - мерекелерде көптеген ойындар өткізіледі.
Қыздың сыңсуы жарасымды әрі тәрбиелік мәні бар салтанатты салт. Бұл адамгершілік, әдептілік жағынан алғанда да өте орынды дәстүр. Өйткені балалық күндерден ағайын ортасынан бөлініп кету оңай іс емес. Ал қазақтың қазіргі қыздары бұл дәстүрдің алтын арқауын үзді десе де болады. Өйткені ауыл, үй аралап сыңсу, жылау түгілі, оң жақтан аттанарда күліп, қуанып жүргендерін де көз көрді. Бұл ұлттық тәрбие мен ұлттық мәдениеттің ұмытылғандығынан деп танимыз.
Сыңсу (салт). «Халқымызда тұрмыс салт жырларының ең көп тарағандарының бірі сыңсу».