sol.kzbydocs.com


Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты - АДАМ БОЙЫНДАҒЫ ЖАҚСЫ-ЖАМАН ҚАСИЕТТЕР ТУРАЛЫ

сорт: есептік | күні бойынша
13.07.20
[13]
шерту:41

Фетхуллаһ Гүленнің веб сайты - АДАМ БОЙЫНДАҒЫ ЖАҚСЫ-ЖАМАН ҚАСИЕТТЕР ТУРАЛЫ
Иә, шындығында ұдайы ғибадат жасаған адамның ішкі сезімдері, рухани түйсіктері бірте-бірте ашылып, өзгелердің түсінде ғана көре алатын таңғажайыптарын ол өңінде де сезінетін, көретін дәрежеге жетеді. Халықты имандылыққа шақыру күн тәртібінің ең өзекті мәселесіне айналған шақтарда діні үшін жар құлағы жастыққа тимеген мұсылмандар арасында мұндай терең әрі тосын жайттар жиі кездесетіні де рас. Болатын оқиғаны алдын ала сезу және ерекше иләһи тартуларды осылай ұққан жөн. Ежелден бері Ислам жолында қызмет еткен жандарға Аллаһтың айрықша сый-кәделері аз болмаған.
Мәселеге осы тұрғыдан келгенде ғана нәпсі толықтай ерікке мойынсұнады.
kz.fgulen.com/kz-books/idea/prizma-1/238-kasietter.html


жақсы адам қандай болады эссе
Ғашықтық - мекенде мекенсіздіктің, заманда замансыздықтың ең адал куәгері. Ол - көк аспанның төрінен адамның жүрегіне түскен отты бұғау, ал осы бұғауға байланған жандар - ғашықтықтың азаттықты қабыл етпейтін пенделері. Жанып жатса да, сол бұғауға байланып жанады және өлім келгенде де ғашықтықтың қармағына түсіп өлуді аңсайды. Олар махаббатсыз өткен өмірді өмір сүрдім деп санамайды. Махаббатсыз өткен күндерді де әуестік желі айдап әкеткен қоңыр күздің қураған жапырақтарындай көреді.
Асылында, ғашықтықтың аты ғашықтық.
Жаратушы Құдірет адам баласы үшін жер бетін талқұрақ, ғажап бір тұрақ еткен. Осы тұрғыдан алғанда, бұл әлем - сүйіспеншілікке тұнған, мағынасы терең тағылымды дүние. Бейне бір жанды тіршілік иесі тәрізді маусым сайын сан құбылып, құлпыра түсетіні нет-кен ғажап десеңізші?! Оның сай-саласында сарқырап жатқан өзен-сулардың тылсым гүрілінің астарындағы «әбәд», «әбәд»[3] деп мәңгілік әлем туралы шырқалған сазды әуен қандай тамаша! Қиялымызға қан жүгіртіп, қанат бітіріп, көңілді көктемге айналдыратын көк аспанның тұңғиық жүзі, тылсым құпиялары неткен ғажап!
Сұрақ: Мінезі жұмсақтау басқарушымен қарамағындағы жұмысшылары жақсы мәміледе болады. Себебі ол жұмыс тәртібінде оларға біраз жеңілдік береді. Ал, егер басшы қаталдық танытып, тәртіпті қатаң бақылауға алар болса, жұмысшылардың оған деген жеккөрініші артады. Нәтижесінде ол мекемеде ұйымшылдық болмай, жұмысшылар өзара іштей ренжулі болып, береке қашады. Мінсіз басшы болу үшін қандай ұстанымдар керек?
Қандай жағдайда болмасын кеңпейіл һәм кешірімді жанның мерейі үстем, ол ешқашан ештеңеден ұтыл-майды. Бүгін өмір сүре отырып, келешектің адамы болу - жүрегі мейірімге толы, пейілі кең жандарға ғана бұйырған иләһи сый әрі иләһи хикмет болса керек... Демек, осы қасиеттерді ұғынып, бойына сіңірген жандар келешектің бірден‑бір маңдайы жарқыраған дара мұрагерлері болмақ...
Қазіргі таңда да шынайы дін жолындағылар жүректегі сүйіспеншілік пен бойдағы адамдық қасиет арқылы ғана өзгеге өз құндылықтарын жеткізе алмақ.
Иә, бұл дүниеде кімді сүйсеңіз, о дүниеде де сонымен біргесіз. Аллаһқа дос дәрежесіне жеткен жандарды бұл дүниеде көзбен көрмесек те әйтеуір, сый-құрметімізді аямасымыз анық. Өйткені, оларға деген бұл махаббаттың ақыретте де жалғасын табары сөзсіз. Ақыретте Аллаһ тағаланың алдында «Уа, Раббымыз, олар біздің де көңілімізден орын алған достарымыз еді» дейтін боламыз. Ұлы Жаратушымыз бізге ақыретке иманмен баруды, Аллаһ достарын шын көңілден сүюді нәсіп етсін. Әмин!
Әр пайғамбар Хақ тағалаға сенімі арқылы таңдалған. Бұл - олардың ажырамас ерекшеліктері мен ұлы сипаттары. Құран мұны өте анық көрсетеді: «Оларға Нұхтың хабарын оқы. Бір заманда ол еліне былай деген еді: «Уа, ел-жұртым! Араларыңда болып, Аллаһтың аяттарын үгіт-насихат етуім сендерге ауыр келсе, онда мен Аллаһқа тәуекел етіп арқа сүйедім. Ал енді сендер де серіктеріңмен жиналып, не істейтіндерің жайлы бір шешім қабылдаңдар. Кейін сан соқтыратын іштеріңде бір дерт қалып кетіп жүрмесін.
Һуд (а.с.) да дәл осы Нұх (а.с.) секілді еді
Жын-шайтандар адамның қанындағы қызыл түйіршіктерге жабысып, тамырдағы қанмен араласып, тікелей физиологиялық ауруларды да тудыра алады. Әрине, бұл мәселеде түймедейді түйедей етудің қажеті жоқ, дегенмен бір жағынан дәрігерлердің де бұл мәселені жоққа шығармағаны жөн. Сөз барысында біреу: «Мүмкін, қылтамақ ауруын тудыратын да осы көрінбейтін тіршілік иелері болар», - десе, сіз дереу: «Мүмкін емес», - деп қарсылық танытсаңыз, асығыс шешім қабылдағаныңыз. Бәлкім, шын мәнінде солай шығар. Мұндайда ең болмағанда, ойлануға мұрсат берген дұрыс.