Нан қандай еңбекпен келедісорт: есептік | күні бойынша
![]() Тәрбиеші ЕҢБЕКПЕН ТАПҚАН НАН Білімділік: Нанның қандай еңбекпен дастырханға келетінін , балалармен бірге қайталай отырып , нанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Балаларды аспазшы кипіне еніп, ұннан жасалған өніммнен әр түрлі тәттілерді, орау , бүктеу, бастыру әдісін пайдалана отырып тоқаштар жасауға үйрету. Балаларға мерекені естеріне түсіре отырып, топ ішіндегі балалардың туған күндерінде бір-біріне жылы сөздер және мерекелік көңіл күй сыйлауға талпындыру. Мақсаты: балаларға ас атасы нан оны өсіру өте қиын жұмыс екенін айтып түсіндіру. Күз туралы білімдерін тиянақтау. Дихандардың күзгі еңбегімен таныстыру. Нанның қандай жолмен келетінін, ертегілер, сюжетті суреттер, дидактикалық ойындар бойынша айтып түсіндіру. Нанға, еңбекке байланысты тақпақ, мақал - мәтелдерді, тиым сөздер сұрақ - жауап қоя отырып балалардың сөздік қорын, тіл байлығын дамыту. Балаларды адам еңбегін, еңбекке деген қызығушылығын және нанды құрметтеуге тәрбиелеу. Тәрбиеші Нан қайдан келеді? Ғажайып ағаш туралы өтірік әңгіме оқып береді.Баяғы өткен заманда бір патшалықтағы балабақшаның тобының балалары жерге бидайдың дәнін отырғызыпты.Ол дәнді олар терезенің алдынан тауып алыпты. Сөздік жұмысы : Наубайхана-нан пісіретін,нан жабатын орын. Наубайшы-наубайханада нан пісіретін адам. Диірмен-дәнді дақылдарды тартып,ұн шығаратын кәсіпорын.Комбайн-әр алуан дақылдарды жинап, бастыруға арналған “Нан -байлық,нан-береке”деп халқымыз бекер айтпаған.Қаншама адам еңбек етеді.Дастарқанға зор еңбекпен келген нан тағамдарын қастерлеуіміз керек. Нанды неден пісіреді? Ерте көктем келісімен, адамдар трактормен жер жыртып, дән себеді.Оны күтіп баптайды, тыңайтқыштар сеуіп, арам шөптерін жұлып, зиянкестерге қарсы дәрі сеуіп, жаз бойы егін басында жүреді. Егін піскен кезде , адамдар оны комбайынмен жинауға кіріседі. Күн демей, түн демей егін алқабында егін жинаумен болады. Жиналған егінді машинаға құйып диірменге апарады. Диірменде бидайдан ұн тартады. Ұнды қапқа салып, вагондарға тиеп қалаларға жөнелтеді. Қапқа салынған ұн наубайханаларға апарылады. Наубайханаларда ұннан түрлі нандар пісіреді. |